Almaty Tourism Bureau — Алматыны халықаралық деңгейде туристік бағыт ретінде ілгерілету мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым. 2012 жылы Алматы қаласының Туристік ақпараттық орталығы ретінде негізі қаланған мекеме 2023 жылғы қыркүйекте Almaty Tourism Bureau болып қайта құрылды. Бұл өзгеріс қаланың туристік әлеуетін белсенді түрде дамыту мен маркетингін күшейту мақсатында жүзеге асты. Visit Almaty бренді аясында Бюро шетелдік және отандық туристерге карталар, гидтер мен кеңес беру қызметтерін ұсынады.
Бюроның басты міндеттері — қаланың туристік брендин нығайту, туристік тәжірибені жақсарту және Алматының жаһандық деңгейде танымалдығын арттыру. Бюроның негізгі жобалары: «Туристің портреті», «Туристің жолы», «Гастрогид», Crossroads, 360, Туристік реестр. Аталған бастамалар туризмді дамытуға, инвестиция тартуға, сондай-ақ қаланың мәдени және табиғи мұрасын сақтауға бағытталған.
Сонымен қатар, Бюро LOM (қоғамдық пікір көшбасшыларымен) жұмыс істеу жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жоба аясында беделді тұлғалар Алматыны насихаттауға тартылып отыр. 2024 жылы Алматыны 42 елден келген 176 блогер, журналист және пікір көшбасшысы келіп, халықаралық деңгейде қаланың беделін нығайтуға ықпал етті.
Осы күш-жігердің нәтижесінде 2024 жылы Алматы The New York Times басылымының Top-52, Wanderlust журналының Top-24, және Condé Nast Traveler Italia нұсқасы бойынша Top-5 тізіміне енді. Сонымен бірге, қалада Amazon Prime, Netflix және басқа да ірі платформалар үшін тревел-шоулар түсірілді.