Мен, әлемді тек ұлы идеялар ғана емес, оларды жүзеге асыруға шешім қабылдаған адамдар алға жылжытады деп сенетін адаммын. Менің міндетім-дәл осы идеяны тауып, оның айналасында бүгін, ертең және көптеген жылдар бойы іштей жанып тұратын мамандарды жинау. Мен туралы тағы не білуіңіз керек? Қысқаша айтқанда: мен басқа адамдарды шабыттандыратын жобалар жасаймын. Ең бастысы, бұл жобалар мен адамдар басқа біреудің өмірін жақсартады, жеңілдетеді, бақытты етеді. Егер толығырақ білгіңіз келсе, кофе алып кездесуге болады (онлайн нұсқасы да бар), мен сізге барлығын айтып беруге дайынмын.
Үш диплом, грант бойынша екі университет: KIMEP и Warwick Universities. Қазіргі таңда Лондон Экономика және Саясаттану Мектебінің студентімін. Иә, мен оқығанды жақсы көремін, өзімде бар білімім мен үшін әрқашан аз секілді. Сондықтан, білім алуды бағалайтын адамдарды қолдаймын. KIMEP университетінің студент қыздарын қолдау бағдарламасының тәлімгерімін.
Мен әрқашан жаһанды түрде армандаймын. Қызықты және ыңғайлы саяхаттау - бұл артықшылық емес, қалыпты жағдай болатын дестинациялар туралы. Көрнекті спорттық, мәдени, әлеуметтік шаралармен және жетістіктерімен есте қалатын елдер туралы. Адамдардың ерекше қажеттіліктері құрметтелетін және күнделікті өмірде ескерілетін әлем туралы. Кітапханалар іші қайтадан шулы, ал кітаптар сөрелердегі шаң емес, шұғыл қажеттілік болатын шындық туралы. Бизнестің, қоғамның, мемлекеттің өзара адал және тиімді байланысы туралы.
Мен көптеген жылдар бойы шығармашылық, технология және амбициялар қиылысында жұмыс істеп келемін. Кейде «Ал, егер қолымыздан келсе?» дегенді, «Біз мұны алғашқы болып жасадық!» деп айту, менің басты супер күшім деп, қалжыңдаймын. Оның артында әрқашан адамдарға деген шексіз құрмет және олардың айналасындағы әлемді өзгертуге деген ұмтылыстары жатыр.
"Мен үшін кітап мәтіннен артық. Бұл – қоғамды құнарландыратын бұлақ. Таңғы кофе секілді, кітап оқу ешқашан сәнден шықпагандай, қайтадан оралғанын, ал кітапханалар осы шығармашылық революцияның ошағы болуын қалаймын."
Мемлекет сіздің жобаларыңызға мұқтаж және қолдау көрсетуге дайын деп ойламағаныңызға сенімдімін. Қалай және қайндай? Ол үшін не қажет? Мүмкін сіз саясаттағы болашағыңызбен жұмыс істеуді бастағыңыз келе ме? Жеке кеңес алу үшін, маған жазыңыз.
Мен концепцияларды өз аудиториясын табатын, трендтерді белгілейтін және ойын ережелерін өзгертетін нақты өнімдерге, оқиғаларға немесе қызметтерге айналдырамын.
Қаланың күшті жақтарын анықтап, оларды жарқын және танымал бейнеге айналдыруға көмектесемін. Кейін мұнда қайта келуге, өмір сүргісі келетін және инвестициялауға дайын болатын адамдар көбейеді.
Идеясы бар, бірақ неден бастау керектігі туралы тұтас көзқарасы мен ойлары жоқ адамдар үшін мен тәлімгерлік немесе нұсқаулық ретінде жеке кеңес беремін. Стратегияны әзірлеуге көмектесемін.
Ел ауқымындағы шаралардан бастап, кез келген деңгейдегі жабық шараларға дейін. Менің мансабым, іс-шаралар индустриясында 15 жылдан астам тәжірибеден басталады.